- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылына 100 тапсырыс...
"Жылына 100 тапсырыс алады". Аяғымен тігін тігетін әйел кәсібі туралы айтты
Тараз қаласының тұрғыны Анар Бексұлтанова екі қолсыз өмірге келген. Әйел 35 жасында аяғымен тігін тігуді үйреніп, жеке кәсібін ашып, үйінде тігін шеберханасын ашты. Алғашында көрші-қолаң, ағайын-туыстардан ғана тапсырыс келсе, қазір жылына 100 тапсырыс алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
"2014 жылы инфляция салдарынан көбі бизнесінен айырылды. Әрине, ол кезде оңай болған жоқ. Бірақ біз аман қалдық, ал пандемия кезінде біз онлайн сатуға көштік. Сауданы меңгердік. Дүкеннен шықпай жұмыс істедік", - деді кәсіпкер.
Іскер әйел кәсібін кеңейту үшін бірнеше рет мемлекеттік грантқа ие болды. Бөлінген қаражатқа 10 заманауи тігін машинасын сатып алған. Қазір қолөнерші алты адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
"Бұған дейін көрпе тігу қиын болатын. Біреуі үш сағат уақыт алады, барлығын қолмен тігу керек еді. Ал қазір тігін машинасымен тігуге 10 минуттай уақыт кетеді. Ол 340 түрлі өрнекті тез тігеді", - дейді Анар.
Кәсіпкер бизнестен бөлек, "Шебер шаңырақ" қоғамдық бірлестігін құрып, ерекше мұқтаж 40 әйелді тігіншілікке үйретіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек