Жылқыны көлігіне байлап алып, жол бойында сүйреген: Шымкентте жүргізуші жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Шымкентте жүргізуші жылқыны көлікке байлап алып, сүйреп бара жатқаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізіп, жүргізуші кім екенін анықтаған.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, тексеріс барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталмаған.

"Осы оқиғаға байланысты ер адам жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу дерегі бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және оларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!