Жылқыны жетектеп бара жатқан: СҚО-да 61 жастағы ер адам көлік қағып, қаза болды

Жылқыны жетектеп бара жатқан: СҚО-да 61 жастағы ер адам көлік қағып, қаза болды
Фото: polisia.kz

СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. 61 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 25 желтоқсанда сағат 18 шамасында Жезқазған - Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында болған. Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан Есіл ауданының 61 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас емес.

polisia.kz

Жол-көлік оқиғасы дерегі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Соталды тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажет сараптама тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина