Жылқы етінің бір келісі - 2999 теңге. Тағы қандай ет түрі қымбаттады?

Қазақстанда ет өндіру 8 пайызға өскен, бірақ баға да көтерілген, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Cиыр еті бір жылда 8 пайызға, жылқы еті бірден 16 пайызға қымбаттаған. Жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірісі 2022 жылғы қаңтар мен қазан аралығында 59,1 мың тонна болған, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 8,1 пайызға артық.

Қарашаның қорытындысы бойынша сүйекті сиыр еті 8 пайызға, сүйекті жылқы еті 16,1 пайызға дейін өскен. Бір жылда сүйекті шошқа еті 13,4 пайызға, сүйекті қой еті 12,4 пайызға қымбаттаған.

Жыл басынан бері жылқы еті 15,2 пайызға, шошқа еті мен қой еті 12,2 пайызға, сиыр еті 8,4 пайызға қымбаттаған.

Қарашада шошқа еті айтарлықтай қымбаттаған, яғни 1,6 пайызға өскен. Ал жылқы еті 1 пайызға өскен. Сиыр еті мен қой еті 0,4 пайызға көтерілген.

2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша сүйекті жылқы етінің құны бір келісі үшін 2999 теңгеге, сүйекті қой еті келісіне 2673 теңгеге, сүйекті сиыр еті 2421 теңгеге, сүйекті шошқа еті 2077 теңгеге жеткен.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!