- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жылқы айдауға шыққан:...
Жылқы айдауға шыққан: Ұлытау облысында ер адам 3 күн бойы із-түзсіз кеткен
Ұлытау облысында мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаражалдың 30 жастағы тұрғыны Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі мен Қаражал қаласы Шалғия кенті арасында мотоциклмен жылқы айдау кезінде жоғалып кеткен. Үш күн бойы туыстары жоғалған жігітті өз күштерімен іздеп таба алмаған соң, полициядан көмек сұрады.
Жедел іздестіру жұмыстарына Қаражал қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысты.
Жоғалған адамды полицейлер Шалғия ауылынан 100 шақырым жерде даладан тапты.
"Мотоциклімнің жанар-жағар майы таусылып, ұялы байланыс мүлдем болмады. Адасқанымды сезіп, жақын жерден елді мекен іздеп көрмек болдым. Далада екі түнеп, үшінші күні полиция қызметкерлері мені тауып алды. Полиция бөлімінің басшысына және мені іздеуге атсалысқан жерлестеріме алғысымды айтамын", - дейді Еркебұлан Сәрсекеев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова