- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылдың үздік тойы"....
"Жылдың үздік тойы". Шымкентте өткен үйлену той Желі қолданушыларын тәнті етті
Бүгінде үйлену той ерекше, есте қаларлықтай өтеді. Жастар тіпті түрлі қойылым қойып, билеп, ән айтып, тойды ауқымды шоуға айналдырып жатады. Желі қолданушыларын тәнті еткен осындай тойдың бірі Шымкентте өтті. Кеште түсірілген видеолар Желіде тарап, пікір қалдырушылар тойды "жылдың үйлену тойы" деп те атаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде қызу талқыға түскен видеолардың авторы – Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында оқитын күйеу жігіттің қарындасы, 20 жастағы Бота. Қуанышты дастарқан 14 маусымда жайылған. Бота Tengrinews.kz тілшісіне тойға 300 қонақ келгенін, олардың арасында Қазақстанның танымал тұлғалары да бар екенін айтты.
"Той жақсы өтті. Барлық қонақ жақсы көңіл-күйде жүрді, олар мұндай үйлену тойында ешқашан болмағанын айтты. Көптеген адам бұл үйлену тойдың "жылдың үйлену тойы" деп санайтынын жасырмады. Бізді Димаш Құдайбергеннің ата-анасы, Ұлықпан Жолдасов жұбайымен, Асхат Маемировпен құттықтауға келді", - деп бөлісті Бота.
@botashaa_m жандарым❤️
♬ оригинальный звук - botash
Жас жұбайлар – Дінислам және Жанель музыкалық театрдың әртістері.
"Күйеу жігіт пен қалыңдық – музыкалық театрдың әртістері. Театрда 15 отбасы бар, әртістер арасында бір-бірінің үйлену тойында осылай өнер көрсету дәстүрге айналған. Көптеген адам оларды үйлену тойына шақырғысы келеді. Іс-шарада театр әртістерінен басқа Ұлықпан Жолдасов пен Фарида Жолдасова да ән шырқады. 8 наурызда ағам үйленуге ұсыныс жасады, сол сәттен бастап тойға дайындық басталды", - деді ол.
@allcake__ ♬ оригинальный звук - altynayka🤍
Сонымен қатар, Бота мереке өте жақсы деңгейде өткенін және барлық қонаққа ұнағанын жеткізді.
"Қазір үйлену тойдағы тортты жас жұбайлардың өздері безендіреді, бұл тренд, менің ағам мен жеңшем де солай жасады. Көп тілек айтылды. Той жақсы өтті. Біз күткеннен де жақсы. Барлық қонақ қуанышты, әсіресе құдалар", - деп түйіндеді ол.
Ал Желі қолданушылары тойдағы қызықтарды көріп, әбден таңғалған. Түрлі жағымды пікір қалдырып, жас-жұбайларға бақыт тіледі.
"Жастар қазір тойды өзгертіп келе жатыр. Той осылай өтуі керек, би де, ән де өз орнымен. Ұзақ тілеп айтып тұру дұрыс емес", "Міне, мән-мағынасы бар той. Үйлену кеші осылай өтуі керек", "Осындай тойды тренд қылайықшы", "Қандай керемет", "Той болса, осындай-ақ болсын", "Қандай тамаша жұп, бақытты болыңдар", "Керемет, жастардың тойы осындай болу керек", - деп жазды олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Реал» футбол клубы қашан құрылған?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә