- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылдың басы онсыз...
"Жылдың басы онсыз да ауыр болды". Мақпал Исабекова 40 жасын қалай атап өтетінін айтты
Танымал әнші Мақпал Исабекова 40 жасқа толғанын дүркіретіп толамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Желідегі парақшасында жазды.
"Жақында туған күнім екені естеріңізде ме?
Туған күнімді үлкен етіп атап өту жоспарымда жоқ, өйткені 40 жасты тойлауға болмайды деп айтады, бірақ мен оның себебін түсінбедім. Дегенмен тәуекелге бармаймын деп шештім. Онсыз да жыл ауыр басталды.
Бірақ бұл мен мүлде сыйлық күтпеймін дегенді білдірмейді, биыл мен бұрынғыдан да көп сыйлық алғым келеді, неге алмасқа", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Көп жылаймын". Әнші Мақпал Исабекова отбасылық өмірдегі қиыншылықтары туралы айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Өткен оразадан қалған қарызды оразаға дейін өтеп тастау керек пе?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә