Айыппұлдар әрқашан заңды түрде салынбайды. Жүргізушінің сауатсыздығын пайдаланып тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттерге баруы мүмкін. Дегенмен хаттама толтырылғаннан кейін барлығы кеш деп ойлау қателік. Жол полициясының хаттамаларына шағымдануға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізушінің негізгі құқықтарының бірі салынған айыппұлдарға шағымдану. Егер көлік тізгіншісі испектордың заңсыз айыппұл салып жатқанын білсе, жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұлды төлеуден бас тартуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл үшін нақты дәйектер келтіру керек. Егер заң бұзушылық іс жүзінде тіркелген болса процессуалдық бұзушылықтарды анықтау арқылы (камераның дұрыс жұмыс істмеуі, радардың дұрыс көрсетпеуі) қарсылық білдіруге болады.
"Қандай айыппұл болса да ол заңды түрде салынған айппұлды жүргізуші міндетті. Ал егер тағылған айыппен келіспесеңіз хаттаманы толтырған құзырлы органның басшылығына шағымдансаңыз болады немесе қадағалау органына (прокуратура) шағым түсірсеңіз болады. Сонымен қатар нақты қандай заңдардың бұзылғандығы ретінде сотқа арыз-шағым түсіріп өз құқығыңызды қорғауыңызға болады. Азаматтар жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұлға ғана емес, заңсыз деп санаған барлық хаттамаларға шағымдануына болады", - дейді заңгер Сәлім Нұржанов.
Айта кетейік кез келген айппұлға шағымдану мерзімі хаттама толтырылған күннен бастап 10 күн ішінде орындалуы тиіс. Өйткені осы уақыттан кейін айыппұл заңды күшіне енеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!