• 523.57
  • 490.7
  • 4.99

"Жылдар бойы мазаламады". Алматы тұрғыны тізесінде 45 жыл бойы ине болғанын білмей келген

"Жылдар бойы мазаламады". Алматы тұрғыны тізесінде 45 жыл бойы ине болғанын білмей келген
Фото: volynka.ru

Алматы тұрғыны тізесінде 45 жыл бойы ине болғанын білмей келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарты ғасырға жуық оң жақ тізе буынында тігін машинасының инесі болған әйел түсті.

Әйелдің айтуынша, ол жарақатты бала кезде алған.

"Ине мені осы жылдар бойы онша мазаламады, тек биыл аздап ауырды, ауру күн сайын күшейе түсті. Ақсап жүретін болдым. Сондықтан ауруханаға бардым. Рентгенге түстім, дәрігерлер операция қажетін айтты", - дейді науқас.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматологтары бөгде нәрсені алып тастау үшін ота жасады. Операциядан кейін әйел ақсамай жүре бастап, ауырсынуы басылды.

Операциялық травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, ине көп жылдар бойы қапталып қалған.

"Ота сәтті өтті, бөгде зат алынды", - деді ол.

Ал әйел дәрігерлерге кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек