Жылдар бойы бақытты өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптылардың 5 құпиясы

Жылдар бойы бақытты өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптылардың 5 құпиясы
Фото: pixabay.com

Сүйікті адамыңызбен одақ мәңгілік болғанын қалайсыз ба? Ендеше қарым-қатынасы өте жақсы дамыған жұптардың құпияларын біліңіз.

Көп жыл бойы бірге, бақытты өмір сүріп келе жатқан жұптардың 5 құпиясы. 

Олар жаңа тәжірибеге "иә" дейді.

Бұл бос сөздер емес. Мұндай қорытындыны неміс зерттеушілері шығарды. Олар жаңа тәжірибеге ашық еркек пен әйелдің қарым-қатынасы ұзақ уақыт бойы өз одағын сақтап қалу ықтималдығы жоғары екенін анықтады. Бұл тек жаңа эмоция мен экспериментке ғана емес, мысалы күтпеген сапар, әсерге, бірге уақыт өткізуге де қатысты. 

Ғалымдардың айтуынша, қарым-қатынастағы жалынды сақтау өте маңызды, бұл байланысты күшейтіп, адамдарды жақындатады.

Қарым-қатынастағы ұрыс-керіс.

Ерлі-зайыптының арасындағы жанжал қалыпты жағдай. Туындаған мәселе арқылы әр отбасыда кездесетін қиындық пен мәселені талқылауға мүмкіндік бар. Бірақ оны ақылмен шешу керек, яғни жан жарыңызға ауыр сөздер айтып ренжітпей, қысым жасамай және ең маңыздысы физикалық әрекеттерсіз.

Егер келіспеушілік күнделікті өмірдің негізгі мотиві болса, онда ол жаман белгі. Мысалы, күйеуі ешнәрсеге көңілі толмай, күңкілдесе әйелі өзін қорғау үшін айғайлайды не жолдасын үнсіздікпен жазалайды. Үнемі ашуланып, ұрысу ерлі-зайыптының арасын алшақтататын эмоциялар. Егер ерлі-зайыпты бір-бірінің сезімін қорғауға тырысып, әрқайсысы өз ашуын басқарып, бір-бірін қорлаудан аулақ болса, онда олар бақытты өмір сүретіні дәлелденген.

Бір-бірін тыңдап, назар аударады.

Жылдар бойы өзара келісім мен бейбітшілікте өмір сүрген жұптар бір-бірінің сөзін бөліп, өз ұстанымын қорғайтындар емес, әдетте, серігін тыңдап, оны түсінуге тырысатындар.

Бұл біраз күш пен шыдамдылықты қажет етеді. Екінші жақтың айтқанына назар аудару қиын болғанымен, оң нәтиже береді.

Олар өзара келісімге келе алады.

Егер әрқашан барлығы тек сіздің қалауыңыз бойынша болғанын талап етсеңіз, қарым-қатынасты сақтап қалу қиын. Отбасылық өмірде әр түрлі қиындықтар туындаған кезде, кейде ең жақсы шешім - бұл екі жаққа да тиімді болатын нұсқаны таңдау.
 
Кейде жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін екі жақ та кішкене құрбандыққа баруы керек. Ақыр соңында, екеуіңіз де бақытты боласыздар.

Уақытты жиі бірге өткізеді.

Ұзақ уақыт бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар оңашада уақыт өткізудің қаншалық маңызды екенін біледі. Сонымен қатар, бұл уақыттың саны емес, сапасы маңызды. Бақытты ерлі-зайыптылардың өздеріне ғана түсінікті қимыл, әзілдері бар. Бұл қарым-қатынас үшін құнды нәрсе.

Бірақ бар назарды екінші жартына ғана қойған дұрыс емес. Бақытты некеде тұрғандардың әрқашан өзімен немесе дос, туыстарымен бірге өткізуге уақыты болады. Бұл оларды жаңа күшпен қуаттап, серіктесіне одан әрі жақындастырады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жігіттер көбіне қандай қыздарға ғашық болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә