- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жылдам ұйықтап кетуге...
Жылдам ұйықтап кетуге көмектесетін ерекше әдіс аталды
Шаршап келсеңіз де, ұйықтай алмайтын кездер болады. Аунай бересіз, ішіңізден 100-ге дейін санайсыз, терең тыныс аласыз, терезені ашасыз, одан соң оны жабасыз, әжетханаға барасыз, су ішесіз, босаңсытатын музыка тыңдайсыз және медитация жасайсыз - бірақ сонда да ұйқы жоқ. Сомнолог Людмила Горянская ұйқысыздықпен қиналатын адамдарға ерекше әдіс ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Womanhit"-ке сілтеме жасап.
Ұйқысыздық денсаулыққа зиян
"Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны жүйелі түрде ұйқысыздықпен қиналады. Айына бір рет нашар ұйықтау сізге зиян тигізе қоймас, бірақ жүйелі түрде дұрыс ұйықтамау қауіпті ауруларға, соның ішінде қант диабеті мен жүрек аурулары қаупін арттыруы мүмкін", - деп ескертті сомнолог Людмила Горянская.
Ұйықтап кетудің қызықты әдісі
Ұйықтар алдында кофе ішпеу және гаджеттерді пайдаланбаудан басқа, жылдам ұйықтап кету үшін өзіңізді "алдаудың" қызықты тәсілі бар. Жылдам ұйықтап кету үшін дәрігер тағайындауынсыз әрдайым дәрі немесе қоспалар ішу зиян. Сондай-ақ ұйықтар алдында ыстық душ қабылдаудың немесе кітап оқудың қажеті жоқ.
Бұл қарапайым психикалық жаттығу.
"Әдістің мәні - ойыңызды ұйықтауға кедергі келтіретін саналы ойлардан алаңдату. Ол үшін бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ кездейсоқ сөздерді ойлаңыз. Мысалы: сиыр, жапырақ, бутерброд. Оларды ұйықтап кеткенше ойыңызда қайталаңыз", - дейді Людмила.
Егер кездейсоқ сөздер жайлы ойлау көп күш салуды қажет етсе, басқа әдісті байқап көріңіз.
"Біріншіден, әліпбидің бір әрпін таңдаңыз, екіншіден, жүрек соғысын санап бастаңыз. Содан соң әр сегіз жүрек соғысынан соң жаңағы әріптен басталатын сөз жайлы ойлаңыз", - дейді маман.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова