Жылдам және тиімді: ісінуден арылуға көмектесетін 5 сусын

Түскі астан кейін ауырсынудан зардап шекпеу үшін сізге дұрыс сусынды таңдау керек. Кейде ісінулер сіздің тым көп жегеніңіздің немесе белгілі бір тағамдарды жеуде шектен шыққаныңыздың белгісі. Кейбір жағдайларда ісіну басқа аурулардың симптомы болуы мүмкін екенін айтады. Дәрі-дәрмексіз ісінуден тез арылуға бола ма? Бұл үшін сізге дұрыс сусындар көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Ісінудің жалпы себептері:

  • диетадағы ақуызды тағамның көптігі;
  • қант және оның жасанды алмастырғыштары, фруктоза;
  • диеталық талшықты ыдырататын ферменттердің жетіспеушілігі;
  • нашар өт ағымы және өт сапасы;
  • кейбір өнімдерге жеке реакция;
  • дисбиоз.

Айран

Бұл ашытылған сүтті сусынның құрамында пробиотиктер бар. Олар біздің ағзамызға ыңғайлы ас қорытуды қамтамасыз етеді. Бұл микроорганизмдер денеге ішектегі тағамды жақсы ыдыратуға көмектесіп нәтижесінде газ бен ісінулер азаяды. Сондай-ақ, айран негізінен ішек микробиотасы үшін өте пайдалы. Егер сіз жиі ісінулерден зардап шегетін болсаңыз айран ішуді әдетке айналдырыңыз.

Зімбір шайы

Зімбір шайы - қыстың суық кеші үшін тамаша сусын. Бұл иммунитетке пайдалы және денені керемет жылытады. Сонымен қатар ол ісінуді басуға көмектеседі. Зімбір ас қорытуға және газдан зардап шегетін жандарға пайдалы.

Жасыл шай

Жасыл шайдың ең пайдалы сусындардың бірі ретінде беделге ие болуы бекер емес. Онда көптеген пайдалы антиоксиданттар мен катехиндер бар. Бұл қосылыстар ас қорыту жолын тыныштандыруға, тамақтан кейін ішекте газ түзілуін азайтуға және ісінуді болдырмауға көмектеседі. Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Бір шыныаяқ жасыл шай тығыз түскі асқа тамаша сусын бола алады.

Су

Кейде ең қарапайым шешімдер ағзаның ас-қорытуын жеңілдете түседі. Жеткілікті таза су болмаса, ыңғайлы ас қорыту туралы ұмытуға болады. Су - іш қатудан туындаған кезде ісінуді тез жеңілдетудің қол жетімді және тиімді әдісі. Денеде сұйықтық тым аз болған кезде, дене тамақтан суды сіңіруге мәжбүр болады. Бұл іш қатуға әкеледі. Сондықтан ісіну кезінде бірінші кезекте қарапайым су ішу керек.

Комбуча

Комбуча жақында қайтадан танымал бола бастады. Ертеректе бұл сусынды барлық ауруларға қарсы керемет құрал деп санаған. Ал шындығында комбуча барлық дәрі-дәрмектерді алмастыра алады деп ойлау қателік. Бірақ оның құрамында ішекке өте пайдалы пробиотиктер бар. Бұл ашытылған сусын ағзаға кейбір қосылыстарды жақсы сіңіруге көмектеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!