"Жылатты ғой". Інісін жарысқа дайындаған бала Желіні тәнті етті

"Жылатты ғой". Інісін жарысқа дайындаған бала Желіні тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде күрестен жарыс алаңына шығайын деп жатқан інісін қанаттандырған баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан кішкентай бала інісіне кеңес беріп жатқаны көрінеді. Кейін інісі үмітті ақтап, жеңіске жетеді. Осылайша, екі бала құшақтасып, жеңіске бірге қуанады.

"Ағасының інісін қолдауы", - делінген жазбада.

@f111695

♬ оригинальный звук - Fakosh❤️

Видео қайда түсірілгені, жарыс қайда болғаны белгісіз. Алайда Желі қолданушылары ағасы мен інісінің бауырмалдығына тәнті болып, көз жастарына ерік берген.

"Жандарым сол, көңілім босап кетті. Аман болыңдар, алтындарым", "Жандарым, осындай бауырмалдықтан айырмасын", "Құдоой, жаным-ау сол, інісін жанын салып жігерлендіріп жатыр. Жүрегің еріксіз елжірейді. Алла татулықтарыңды мәңгі етсін!", "Жылатты ғой, жандарым, бақытты болыңдар", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова