- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылатқаным үшін өзімді...
"Жылатқаным үшін өзімді кешірмеймін": Медеу Арынбаев марқұм әйелі туралы айтты
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Медеу Арынбаев "Podcast Urpaq" жобасына берген сұхбатында 14 жыл бұрын өмірден өткен марқұм жарын есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші марқұм әйелінің қыз күнінен қан қысымы төмен болғанын айтты.
"2010 жылы дүниеден озды. Дүние төңкеріліп кеткендей болды. Қыз күнінен қан қысымы төмен болатын. Сол дерт алып тынды", – деді әнші.
Өнер иесі өкінетін бір жағдай жайлы айтып берді.
"Өмірінің соңғы кезеңінде қатты құлазып жүрді. "Бәрі жақсы менде, балаларға қамқор болшы. Біздің балаларымыз әлемдегі ең әдемі балалар" деп айта беретін. Сол кезде-ақ маған ақырындап балаларды тапсыра берген екен ғой. Қазір ойлап отырсам, ештеңе бас ауыртпағанмын. Ол кісінің мамандығы – скрипкашы. Менің табысым жетіп артылса да, жұмыс істегенді жақсы көрді. Бір күні үйге шаршап келгенде тамақ дайын болмады. Сол кезде дауыс көтердім. Тамақ үшін емес, жұмыс істеп жүргеніне ашуландым. "Менің тапқаным жетіп жатыр, не жетпейді саған?!" деп айқайға бастым. Сосын балаларды киіндіріп, шығыс асханасынан тамақ ішіп келуді шештік. Лифтіде тұрған кезде көзінен жас шығып, жылап тұрғанын көрдім. Сол әрекетім үшін өзімді ешқашан кешірмеймін", – дейді өнер иесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова