"Жылап та үлгермеді". Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кеткен

"Жылап та үлгермеді". Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кеткен
Фото: БҚО ТЖД

Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

БҚО ТЖД өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланы алып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың маңындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы шұңқырда кептеліп қалған. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.

БҚО ТЖД

"Бала ұйықтап жатқандай тыныш жатты. Жақын жерде ата-анасы болды, жақын маңда дәрігерлер мен полицейлер кезекшілікте болды. Артынша құтқарушылар келді, олар баланың қолын тез шығарып алды, бала жылап та үлгермеді", - дейді көпқабатты үйдің тұрғыны.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада емделуден бас тартты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек