Тойда табақ тартудың қызық әдісі пайда болды. Бұл әдіс TikTok-та тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода тойға жиналған жұртқа алдымен жылқы туралы түсірілген "Спирит" мультфильмі көрсетіледі, кейін даяшылар қатар тізіліп, қонақтарға ет тарту етеді. Бұл видео 320 мың қаралым, 30 мың лайк жинаған.
@manas_hall_restaurant♬ оригинальный звук - Ресторан Манас Холл
Желі қолданушылары ет тартудың мұндай форматына қалжың аралас пікір қалдырған.
"Той иесі веган-ау деймін, амал жоқ ет тарту керек", "Жылап отырып ет жедік деген осы ғой", "Жегің келмей қалады ғой осыдан кейін", "Мынадан кейін аппетит құрып кетті ғой", "Ақбоз атты жеуге қимай отыратындай тәбетін байлап тастайды ғой", "Мынаны көрген вегандар асылып қалыпты", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!