- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылап қала береді"....
"Жылап қала береді". Әнші Маржан Арапбаева алғаш рет отбасы туралы айтты
Әнші Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасында отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әрбір бастамасына жолдасының қолдауы ерекше.
"Жолдасым әрбір сапарыма қолдау білдіріп отырады. "Қалма, бар" деп айтады. Жаңа да "санаулы минут қалды, тікелей эфирге үлгеремін бе?" десем, "үлгереміз, уайымдама" деп, көлікпен жылдам әкелді. Қазір көлікте күтіп отыр", - деді ол.
Өнер иесі ауылда тұратын әкесіне жиі баруға тырысатынын айтты.
"Әкеме жиі көңіл бөлуге тырысамын. Үлкейген сайын адам бала сияқты болып кетеді ғой. Соңғы кездері әкем жылап қалатынды шығарыпты. "Сендерді уайымдаймын ғой" деп жиі көңілі босайды. Марқұм анам "әр әулеттен бір адам жарып шығады да, алма береді" дейтін. 6 баланың ішіне жарып шыққаны мен болып тұрмын ғой. Бауырларыма көмектесуге тырысамын. Бірақ әрқайсысының жағдайы жақсы. Анам бәрімізді жоғары білім беріп оқытты. Ешкімнен кем емеспіз", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы