Желіде 4 жасында отқа беті-қолын күйдірген әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео талдықорғандық визажист парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейіпкер 4 жасында қуыршақты оттан құтқарамын деп беті мен қолын күйдіріп алған.
"Танысып қойыңыздар, бұл Пак Марина. Ол 59 жаста. Өзбекстанда туған, бірақ 27 жыл бойы Талдықорған қаласында тұрады. Ташкент мемлекеттік мәдениет институтын бітіріп, кейін кітапханада жұмыс істеді. Өкінішке қарай, ол 4 жасында қуыршақты оттан құтқарамын деп беті мен қолын күйдіріп алған. Тұрмыс құрмаған, балалары жоқ. Ол қазір күтуші болып жұмыс істейді. Қандай жағдай болмасын, ол өте позитивті, батыл, күшті және көңілді әйел", - дейді визажист видеода.
Бұған желі қолданушылары тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Бетіне пластикалық ота жасауға ақша жинайық", Жылап жібердім ғой. Қандай оқиға. Өрттен қуыршақты құтқаруға жүгіргеніне қарағанда оның бала кезінен жүрегі кең, өйткені", "Сұлулық, ең алдымен, жүректен шығады, кейін көзден көрінеді", "Мен Маринаны танып тұрмын! Тоқсаныншы жылдардың соңында Марина екеуміз базарда сауда-саттықпен айналысқанбыз. Ол әрқашан керемет мейірімді және ашық болды!", "Бұл менің тәтем, ол өте мейірімді және жанашыр! Өмір бойы туыстарына көмектесті және көмектесіп келе жатыр. Мұндай жүрегі таза, көңілі ақ адам аз", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сын есімдері бар мақал-мәтелдер
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!