19 жастағы студент зейнеткерден 1 миллион теңгеден аса ақша алып, оларды телефон алаяқтарына тапсырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Жәбірленуші оқиға қалай болғанын айтты.
"Олар маған үй телефонына қоңырау шалды, ер адамның дауысы, полициядан екенін, қызым жол апатына түскенін айтты. Содан кейін телефонды бір әйелге берді, ол жылап, мені "мама" деп атады және зардап шеккендердің емделуіне ақша сұрады. Ол қорқып тұрды, дауысты ажырату мүмкін болмады, сондықтан оны қызым деп ойладым. Менде тек 1 миллион 670 мың теңге және 1300 доллар бар екенін айттым. Содан кейін ер адам телефонды алып, ақшаны шұғыл түрде дайындап, көмекшіге беру керегін жеткізді", - деп есіне алды зейнеткер.
Полиция ақшаны алып кеткен курьердің ізіне түсіп, оны ұстады. Ол Ақтөбе облысының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өзіне курьер жұмысы ұсынылғанын, оның міндеттеріне белгілі бір мекен жайдан ақша алу және терминал арқылы жұмыс берушілерге аудару кіргенін мойындады. Әрбір тапсырыстан курьер өзіне 200 мың теңге алып қалып отырған.
Нәтижесінде жәбірленушіге өтемақы төленген. Сонымен қатар, сотта курьерді қылмыстық жауапкершіліктен босату сұралған. Сот студентті алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, тараптар татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Еске салайық, бұған дейін алаяқтар 10 жастағы қызды оңдырмай алдап, қыруар ақша алып кеткені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: "Верден қырғыны" атанып кеткен шайқас қай жылы болды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз