Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді

Биыл қазақтың жыл санауы бойынша Жылан жылы. Жылан - мүшел есебінің алтыншы жылы, Ұлу жылынан соң, Жылқы жылынан бұрын келеді. Қазақ бұрыннан әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал Жылан жылы қандай болады? Келер 2025 жылдың қандай болатынын астролог Александра Обыскалова Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

2025 - Жылан жылы қандай болады?

Астролог Александра Обыскалованың айтуынша, Жылан жылы 2025 жылы 3 ақпанда басталады. Жылан жылы от кезеңіне тұспа-тұс келеді, ол 2025 жылдан 2027 жылға дейін жалғасады. Сондықтан егер адамның туу кестесі суық болса, оттың энергиясы көптеген жағымды көрініс беріп, жаңа және жарқын оқиғалар, оптимизм, өзін-өзі көрсету мүмкіндігін арттырады. Бірақ егер кесте ыстық болып, оның көптеген элементі болса, ол адам келер жылы қарбалас, ашуланшақ, жүйке жүйесінің проблемаларына тап болуы мүмкін.

"Жалпы, 2025 жыл - Жыландағы Инь ағашының жылы, яғни бұл ағаш жылан, ол ағаштың энергиясымен жақсы қарым-қатынасты көрсетеді, оларда Инь энергиясы бар. Әсерінен жалпы әлемдік тенденция белгілі бір жұмсақтық, интеллектуалды энергия береді деп айтуға болады, адамдарда көшбасшылық энергия, өзімшіл шешімдерге деген ұмтылыс, өз қалауын орнатуға деген ұмтылыс пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар Жылан жылы бұл саяхатшы жылқылар тобының элементі, бұл белсенді жануар болғандықтан, әлемдегі түбегейлі өзгерістерге ықпал етуі мүмкін", - деді астролог.

2025 - Жылан жылы адамдар өзін қалай ұстағаны жөн?

Астролог Жылан жылы адамдарға нәзік, жұмсақ мінез-құлықты ұстану, оған қоса алға қойған мақсаттарына жету үшін әрекет ету өте маңызды екенін айтады, өйткені бұл кезеңде бейімделу, шындықты қабылдау қажеттілігі пайда болады.

"2025 - өзіңе не керегін түсініп, керек емесінен бас тартуға, өмірдің әртүрлі саласын теңестіруге өте қолайлы жыл. Бұл жыл жоспарларыңызды тыныш аяқтап, жаңа нәрсемен айналысуға мүмкіндік береді, адамдар рухани тұрғыдан өсіп, өмір ережелерімен танысады. Сондай-ақ әлемде келіссөздер жүргізу үшін де қолайлы. Бұл жоғары интеллект, байқағыштық, өз қабілеттеріне деген сенімділік, қарым-қатынасты дамытады", - деді ол.

2025 жылы деннің саулығы үшін қандай мүшеге көңіл бөлу қажет?

Қазақстандық астролог келер жылы тіске, тамырға, аш ішекке жіті назар аудару керегін айтады.

"2025 жылы көп адамның мазасын алуы мүмкін ағза мүшелері - мойын, бас, көз. Сондай-ақ жүйке қозғыштығының жоғарылауы, инсульт, гипертония, жүрек аурулары, қан тамырлары, бас, бауыр аурулары, қабыну процестері сияқты аурулардың жоғарылау қаупі бар", - дейді маман.

2025 жыл Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті болмақ?

Александра Обыскалованың сөзінше, Жылан жылында стартаптарды бастау үшін, стандартты емес жобаларда жұмыс істеу үшін энергия өте жақсы, серіктестікте жақсы көмек болуы мүмкін. Сонымен қатар жұмыс барысында мұқият көзқарасты, аналитиканы қажет ететін энергия мен белсенділікті көрсету тиімді. Жылан медицина бейнесін бейнелейтіндіктен, оның ішінде ағаш элементімен бірге жыл қаржы саласын қолдайтындықтан, жыл кәсіпкерлер, бухгалтерлер, аудиторлар, заңгерлер, дәрігерлер, ғылыммен айналысатын адамдар үшін де өте қолайлы.

2025 жылы Қазақстанда саяси жағдай қандай болады?

От әрдайым экономиканы жандандырады және әдетте от элементі келсе, сатып алу белсенділігі, биржадағы қозғалыс, инвестициялар артады. Ал Қазақстанда энергетика, әуе тасымалдар, отын, мұнай саудасы, сондай-ақ ойын-сауық саласы жақсы дамиды.

2025 жылы қауіпті айлар мен кезеңдер

Александра Обыскалова күтпеген жаңалық не таңғалдыруы мүмкін айларды атады.

  • Мамыр;
  • Маусым;
  • Қараша;
  • Желтоқсан.

Ал жарақат алу қаупін жоғарылататын айлар: мамыр және тамыз

Еске салайық, бұған дейін Ұлу жылы қандай болады деген сұраққа қазақстандық астрологтың берген жауабы жарияланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!