- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жыламады, нағыз жігіт"....
"Жыламады, нағыз жігіт". Балабақшада баласына тосынсый жасаған әйел жұрттың ашуына тиді
Балабақшада баласына тосынсый жасаған әйел жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео TikTok-та пайда болды.
"Балама тосынсый жасаймын деп жүрегін ауырттым. Балабақшада ертеңгілік және ұлымның туған күні болған", - дейді әйел адам.
Осылайша, бала қолындағы сыйлығын алып, анасына беруге барған. Алайда әйел адам маска киіп отырғандықтан, баласы анасын таба алмаған.
"Балаларға қарап қояды, бәрі анасының бетін сүйіп, беріп жатыр", - дейді әйел адам.
Сөйтіп, анасын таба алмаған бала сыйлығын алып, орнына отырады.
"Баламның үмітін үзгендей болдым. Жүрегім езілді. Костюм кигеніме өкініп қалдым. Көзімнен жас тоқтар емес. Қалың костюм киіп алғанмын", - дейді видео авторы.
@aiauko_26.01 Балам үшін бәрін істегім келеді?? Қуанғанын көру мен үшін ең керемет сәт?❤? Жалғасы үлкен әсер қалдырды?#р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и #можноврекомендации #реки #репост #лайк #foryou ♬ оригинальный звук - ⚜️♠️Аяуко♠️⚜️
Желі қолданушылары әйел адамның бұл әрекетіне ашуланған.
"Балаңды жәутеңдетіп қалай шыдап отырсың? Жаным, жүрегім ауырып кетті. Жетім бала ұқсап қалды ғой балапан", Жаным жаным, жылап қалдым, аман болыңыз, бар болыңыз, балаңызды жақсы етіп, ұстамды етіп тәрбиелепсіз, жыламады, жігіт нағыз", "Қате жасадың, көрінуің керек еді жәутеңдеп қалды", "Балаңның жүрегін неге ауыртасың? Жаным сол аяп кеттім ғой", "Сонша жүрегің тас па? Мен болғанда шешіп, баламды жәутеңдетпей, құшақтап алар едім", "Жылап алдым. Шыдамды екенсіз, құшақтасаңызшы барып", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина