"Жылама, Назым, атады таңың". Сәкен Майғазиев Олимпиадада қола алған Назым Қызайбайды қалай жұбатты?

"Жылама, Назым, атады таңың". Сәкен Майғазиев Олимпиадада қола алған Назым Қызайбайды қалай жұбатты?
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Олимпиадада алтын ала алмаған Назым Қызайбайды жұбататын мәтін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олимпиада ойындары басталғалы күн сайын қазақстандық спортшыларды бақылап жүрген қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев кеше бокстан қола медаль алған Назым Қызайбайды жұбататын ерекше мәтін жариялады. 

"Жылама, Назым, атады таңың, Сенің де келер бір көктемің...", - деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, алтын ала алмай қалған боксшы журналиске сұқбат беріп тұрып жылап қалған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева