- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылама!" Балаңыз айтқан...
"Жылама!" Балаңыз айтқан сөзді тыңдасын десеңіз...
Баламыз - біздің айнамыз. Ол қыңыр мінезін көрсетіп, айтқанды тыңдамай бастаса, қалай әрекет ету керегін ойланыңыз. Ең бірінші, баламен қалай дұрыс сөйлесу керегін білу керек. Greatpictures.org баланың тілін табу туралы ата-анаға арналған кеңестер топтамасын ұсынады.
"Өзің жасағың келе ме әлде көмегім керек пе?"
Дұрыс емес: "Үшінші рет айтып жатырмын, киін".
Дұрыс: "Кетіп бара жатырмыз. Аяқкиіміңді өзің киесің бе әлде көмегім керек пе?" немесе "Көлікке өзің отырасың ба әлде көмегім керек пе?"
Түсініктеме: Баланың көпшілігі билік етуге рұқсат еткенін қалайды. Оларға таңдау жасауға рұқсат беріңіз, бұл олардың қырсығуға деген құштарлығын жояды.
"Қателігіңнен не ұқтың?"
Дұрыс емес: "Ұят-ай!" немесе "Бұдан да жақсырақ тырыссаң да болар еді".
Дұрыс: "Қателескен кезде не түсіндің?" немесе "Келесіде тығырыққа тірелмеу үшін басқаша қалай әрекет ету керек?"
Түсініктеме: Баланың жасаған әрекетін айыптаудан гөрі, оның мінез-құлқын өзгертуге деген мотивацияға назарын аудару жақсы нәтижеге әкеледі.
"Бүгін тез жүруіміз керек!"
Дұрыс емес: "Бол" немесе "Кешігіп жатырмыз!"
Дұрыс: "Бүгін біз - жарыс көліктеріміз! Қаншалықты жылдам қозғалатынымызды тексеріп көрейік!"
Түсініктеме: Балаларға баяу жүруге рұқсат етіңіз! Бірақ асығыс болсаңыз, онда оларды тез жүруге қызықтырыңыз.
"Қазір кеткің келе ме әлде он минуттан кейін кеткің келе ме?"
Дұрыс емес: "Кетуіміз керек... Тез!"
Дұрыс: "Балалар, қазір кеткілерің келе ме әлде тағы он минут ойнап, кейін кетеміз бе?"
Түсініктеме: Балалар өз таңдауына жауапты болуды өте жақсы көреді! Бұған назар аудару керек, себебі оның көмегі тиеді. Оларға таңдау беріңіз, өздерін мәжбүрлеуге тырысқаннан гөрі, таңдау жасату арқылы жақсы қарым-қатынас құруға болады.
"Тоқта, деміңді ал, енді қалағаныңды сұра"
Дұрыс емес: "Жылама!"
Дұрыс: "Тоқтайық, бірге дем алайық, енді не қалайтыныңды сұра".
Түсініктеме: Бала тынышталып, жылауын тоқтатпайынша, сабыр сақтап, мұны бірнеше рет қайталаңыз.
"Өзіңе қалай қамқор боласың?"
Дұрыс емес: "Былай істесең, бәрі жақсы болады", "Бұл маңызды емес" немесе "Неге үнемі ренжейсің?"
Дұрыс: "Өзіңді жақсы сезіну үшін не істей аласың?"
Түсініктеме: Шынайы эмоциямен өмір сүре алатын балалар ойланбаған әрекеттерге аз барады, қиындықтарға тап болмайды және өзін-өзі жоғары бағалайды.
"Аяқтап болғаныңша күтемін"
Дұрыс емес: "Әкел, өзім істеймін".
Дұрыс: "Саған уақыт керек сияқты, мен күте тұрамын".
Түсініктеме: Ата-аналар асығыстық танытпау керек. Бала аяқкиімінің бауын өзі байласын немесе жазуды оқысын. Мақсат - балаларға әрдайым бізге тәуелді болмайтындай етіп, сынап көруге, сәтсіздікке ұшыратуға, қайталап көруге мүмкіндік беру!
"Өзіңді қалай сезініп тұрсың?"
Дұрыс емес: "Тыныштал! Көңілге алудың қажеті жоқ!"
Дұрыс: "Сенің ренжулі екеніңді білемін, өзіңді қалай сезініп тұрсың?"
Түсініктеме: Балаларға эмоцияларын түсінуге көмектесу - дұрыс тәрбиенің маңызды элементі.
Балалар эмоцияларын түсініп, басқаларға жеткізуге ыңғайлы болған кезде (оларды жоққа шығарып, жасыруға тырысудың орнына) мінез-құлқы өзгеріп, ашық және сыйлы адамға айналады. Осы сөз тіркестерін балаларыңызбен дұрыс диалог құру үшін пайдаланыңыз!
"Мен сені ештеңеге қарамастан жақсы көремін"
Дұрыс емес: "Жаман қылық жасасаң, ешкім сені жақсы көрмейді" немесе "былай істедің ғой, енді мені сүйме".
Дұрыс: "Мен сені қандай қылық жасағаныңа қарамастан жақсы көремін. Келесі жолы ойыншықты жұлып алмай, алдымен сұрап ал".
Түсініктеме: Позитив тәрбиенің негізі - сөзсіз махаббат. Бұл балаларымызға деген сүйіспеншілігіміз олардың жақсы мінез-құлқына байланысты болмауы керек дегенді білдіреді. Біз оларды ештеңеге қарамастан, шын жүректен жақсы көреміз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек