Біз өзімізді жабырқаңқы сезінгенде жылап аламыз. Бұл бізге қиын және қайғылы кезеңді өткеруге көмектеседі. Бұл бізге тынышталып, әрі қарай қозғалуға мүмкіндік береді. Алайда кей адамдар жылағысы келеді, бірақ жылай алмайды. Оның себебі неде болуы мүмкін?
Жас мөлшерінің нормасы болмайды. Бұл әр адам үшін әртүрлі: біреу әсерлі ролик қараса да жылап жібереді, ал басқалар қайғылы жағдайдың өзінде ұстамды келеді. Егер жылағыңыз келіп, бірақ жылай алмайтыныңызды түсінсеңіз, бұл проблемаға айналып кетпес үшін оның себебін анықтаңыз.
Жылай алмау физиологиялық та, психологиялық та проблема болуы мүмкін. Физиологиялық тұрғыда адам бірнеше себеппен жылай алмауы мүмкін:
Жылай алмаудың психологиялық себептеріне мыналар жатады:
Депрессия
Депрессияға шалдыққан адамдар жылай беретін секілді көрінуі мүмкін. Алайда депрессиядағы кей адамдар керісінше, жылай алмайды. Мұндай кезде олар жағымды да, жағымсыз да сәттерге немқұрайлы қарайды.
Оған қоса, бұл дәрігер жазып берген дәріге қосымша әсер болуы мүмкін. Ол дәрі-дәрмекті көп ішкеннен немесе жеке көтере алмаушылықтан орын алуы мүмкін.
Күйзелістегі адамға қалай көмектесуге болады?
Эмоцияларды сыртқа шығармау
Біз эмоцияларды әртүрлі себеппен сыртқа шығармаймыз. Әлсіз болып көрінгіміз келмейді, сол үшін бәрі жақсы дейміз. Өз сезімдерімізге көну керек деп ойлауымыз мүмкін. Оның себебі қандай болғанына қарамастан, эмоцияларды баса беру жылауға кедергі келтіреді. Жылау біздің сезімдермен тікелей байланыста. Біз сезімдердің еш маңызы жоқ деп санасақ немесе олармен күресуге өзімізді мәжбүрлесек, санасыз түрде жастың еш керегі жоқ деген миға белгі жібереміз.
Сезімдерді жасыру жылай алмауға ғана әкеліп қоймай, жалпы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан сезімдерді басып тастамай, оларды шығаруды үйрену керек.
Әлеуметтік қысым
Социум немесе ата-ана қалыптыстырған тұжырымнан бізге жылау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, сіз оны ұят немесе балаларға ғана тән нәрсе санауыңыз мүмкін.
Мысалы, мұндай әлеуметтік қысымға көбіне ер адамдар тап болады. Себебі оларға ата-анасы кішкентай кезінен бастап ұлдар жыламайды деп үйретеді.
Өзіңізді жабырқаңқы сезініп, бірақ жылай алмай, қиналып кетсеңіз, жақын адамыңызбен сөйлесіңіз. Сізді түсінетін және қолдайтын адаммен шынайы сөйлесу бұл жағдайдан шығуға көмектеседі. Жақын адамыңыз эмоцияңызды шығаратын қажет сөз айта алады немесе еркін жылап алуыңыз үшін иығын тақап қолдайды. Егер эмоцияларыңыз өте күрделі болса және өздігінше шеше алмайтыныңызды түсінсеңіз, психолог көмегіне жүгініңіз.