- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жылағанын естімедім". Балабақша...
"Жылағанын естімедім". Балабақша қызметкері жыныс мүшесіне зақым келген қыздың анасынан кешірім сұрады
Алматыда жыныс мүшесі зақымданған 3 жасар қыз балабақшада жүріп, құлап қалған. Бұл туралы балабақша қызметкері "Көреміз" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үш ай бойы кінәсін мойындамаған балабақша басшысы мекемеде заңсыздықтар болғанын айтты.
"Бұйрық бойынша жұмыс істемегенімізді мойындаймыз. Талапқа сай келмегеніміз рас. Камералар бір ай бойы орнатылмады", - деді мекеме басшысы.
Ал балабақша қызметкері Жанна Әбіләшім бүлдіршіннің анасы Айсұлу Омаровадан кешірім сұрады.
"Балабақша ұжымы маған бұл жағдайдан соң сөгіс жариялады. Осы уақытқа дейін айтқандарымды жоққа шығарамын. Бірақ мен қыздың жылағанын естімедім, шын айтамын. Түні бойы ойланып шықтым. Эфирден соң тамақ та ішпедім. Қызыңызды да, өзіңізді де қатты уайымдадым. Мен оның құлап қалғанын көрмей қалған шығармын, кешіріңізші", - деді балабақша қызметкері.
Анасы Айсұлу Омарова балабақша ұжымына осы шындық үшін 3 ай бойы күрескенін айтты.
"Сіздерді баяғыда кешіріп қойғанмын. Бұл - шындық үшін күрес. Себебі өтіріктің кесірінен барлығы мені кіналады. Осы шындық үшін мен 3 ай бойы күрестім. Барлығы "жаман анасың" деп қаралап жатыр", - деді қыздың анасы.
Қазір дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы жақсы.
"3 жасар Көркемді қарап тексеру кезінде сыртқы жыныс органдары өз жасына сәйкес дамыған. Үлкен және кіші еріндерінің жұмсақ тіндерінде қызару бар. Қынапта ешқандай бөліністер жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балабақшада 3 жастағы қыздың жыныс мүшесі зақымданғаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырайық: Баланы қай жаста шахматқа беру керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы