• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Жылағаны үшін тұншықтырған“. Шымкентте туған әпкесінің қызын өлтірген әйел сотталды

“Жылағаны үшін тұншықтырған“. Шымкентте туған әпкесінің қызын өлтірген әйел сотталды
Фото: depositphotos.com

Шымкенттік әйел туған әпкесінің қызын қасақана тұншықтырып өлтіргені үшін 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жағдай қалай болған?

Оқиға 2024 жылдың маусым айында болған. Шымкент қаласы Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесінің 2018 жылы туған қызын ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, бүлдіршіннің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Артынша бала есінен танып құлаған. Әрі қарай, ваннаға су толтырып, тұншықтырып, қасақана өлтірген.

Сот анықтамасы

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен "Жас баланы өлтіру" бойынша айыпталған күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушының жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және істегі дәлелдермен бекітіледі.

Прокурор күдіктіге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот шешімі

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қылмыскерді ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget