Қазақстанда жылжымайтын мүлік жыл соңына дейін арзандай түседі. Мұндай пікірді Homsters.kz компаниясының сарапшылары айтты. Олардың айтуынша, баспананың бағасы шамамен 5-10 пайызға дейін түседі.
Сарапшылардың пікірінше, бастапқы алты ай ішінде баспананың бағасы түбегейлі арзандамайды. "Біз жылдың соңына дейін тұрақты бағаны сақтап тұрамыз. Мұның барлығы макроэкономикалық фактордың жоқтығынан. Сонымен қатар, нарықтағы бағалар бұрынғыдай пост-девальвациялық факторлардың ықпалында қалады: халықтың доллармен есептегендегі жалақасының төмендеуі, ипотекалық несиелердің азаюы және қосымша нарықтағы бағалардың азаюы", − деді Homsters.kz компаниясының қазақстандық өкілдігінің басшысы Олеся Мельникова. Сонымен қатар, ол сатушылардың бір бөлігі келісімдерді уақытша тоқтатып, оларды доллармен, яғни арзан бағаға сатқысы келмей отырғанын айтты.
Айта кетейік, компанияның сарапшылары шаршы метрдің арзандауына әсер ететін негізгі үш факторды атап өтті. Біріншісі − халықтың табысының төмендеуіне байланысты баспана алуға деген сұраныстың кемуі. Екіншісі − сатылатын нысандар санының көбеюі. Сарапшылардың бағалауынша, жылдың басынан бері нарықтағы баспананың бағасы 49 пайызға дейін өскен. Ал үшінші фактор деп олар жазғы уақыттағы мүлік нарығындағы белсенділіктің төмендеуін атады.
Дереккөз: Tengrinews.kz