Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға арнайы үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр.
"Отшашу мен петарда – ойыншық емес! Олар – балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар", – дейді Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады.
"Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет. Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті "зиянсыз" көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс. Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды. Балалардың амандығы – сіздің қырағылығыңызға байланысты", – деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз