Жыл сайын 600 қазақстандық әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

Жыл сайын 600 қазақстандық әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады
Фото: Pixabay / miapowterr

Елімізде жыл сайын "жатыр мойны обыры" диагнозы 1800 әйелге әйелден анықталады. Бұл туралы "ҚазҒЗИ онкология және радиология" АҚ Басқарма төрағасы Диляра Қайдарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл сайын "жатыр мойны обыры" диагнозы 1800 қазақстандық әйелге қойылады. Осы диагноздан бір жылда 600 қазақстандық қайтыс болды. Көрсеткіш жыл сайын төмендеп келе жатқанын көруге болады. Мәселен, 2020 жылы әлемде 1,3 млн-нан астам әйелге гинекологиялық қатерлі ісік диагнозы қойылды. Олардың шамамен 44 пайызы жатыр мойны обыры, 29 пайызы эндометриялық қатерлі ісік, 23 пайызы аналық без қатерлі ісігі және 5 пайызы жуығы – басқа гинекологиялық қатерлі ісік екені анықталды. 2020 жылы бүкіл әлемде 420 000 әйел гинекологиялық қатерлі ісіктен қайтыс болды", – деді Диляра Қайдарова.

Қайдарованың айтуынша, мұндай аурудың алдын алу үшін тұрақты скрининг пен тексеруден өтіп тұру керек. Онымен қоса, салауатты өмір салтын ұстау да қатерлі ісіктен қорғайды.

"Ісік ауыруын HPV қарсы вакциналау арқылы жеңуге болады. HPV вакциналары бүкіл әлемде шамамен 15 жыл бойы қолданылып келеді. Сол себептен уайымдаудың қажеті жоқ. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакцина беріледі, яғни гендерлік бейтарап тәсілі енгізілген", – деді басқарма төрағасы.

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz