- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл сайын 2...
Жыл сайын 2 трлн теңге: Ұлттық қордан кепілді трансферт туралы заң жобасы Мәжілісте
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт туралы" және "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельеваның айтуынша, мұндай көлемдегі трансферт алдағы жылдары экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
"2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 2 трлн теңге мөлшерінде белгіленді. Кепілдендірілген трансферттің көлемі мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін болжамды кірістерден аспайды", - деді Татьяна Савельева өз баяндамасында.
Ұлттық қорға мұнай компанияларынан түсетін кірістер бойынша Үкіметтің алдағы үш жылға болжамы:
2025 жылы - 2 277 млрд теңге, мұнайдың бағасы барреліне 42,3 АҚШ доллары.
2026 жылы - 2 276,8 млрд теңге, мұнайдың бағасы барреліне 41 АҚШ доллары.
2027 жылы - 2 277 млрд теңге, мұнайдың бағасы барреліне 39,4 АҚШ доллары.
2025 жылға арналған республикалық бюджет кірісі 21,7 трлн теңге болады деп болжанып отыр, оның ішінде 15,6 трлн теңге - салықтық және салықтық емес түсімдер, ал 5,3 трлн теңге Ұлттық қордан келетін трансферттер есебінен болады.
2025 жылы республикалық бюджеттің шығындары 25,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып, бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені құрап отыр.
Үкімет ұсынған құжатта бюджетті өңірлерді қолдауға және нақты экономика секторына бағытталған шығыстар есебінен азайту жоспарланып отыр.
Болжамдарға сәйкес, 2025 жылы республикалық бюджеттің кіріс көлемі 21,7 трлн теңге болады, оның ішінде табыс - 15,6 трлн теңге, ал Ұлттық қордан трансферттер - 5,3 трлн теңге. Жалпы шығыстар 25,8 трлн теңге көлемінде жоспарланған. 2025 жылғы бюджет тапшылығы - 4,1 трлн теңге.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет