- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл басынан бері...
Жыл басынан бері сотталғандар 300-ден аса бейнекамераны сындырған
Президентке "Қылмыстық атқару жүйесіндегі үздіксіз бейнебақылау" жобасы таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр. Бүгінде 52 мекемеде 22 042 бейнекамера орнатылды. Жыл соңына дейін 26 мекемеде 13 822 бейнекамера орнатылады.
Бұл жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Жүйе іске қосылғалы бері тіркелген құқықбұзушылықтар саны 40 пайызға артты, 3 түрмеден қашу әрекетіне және 13 өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін бейнебақылау камераларын істен шығарады. Олар жыл басынан бері 300-ден аса бейнекамераны сындырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова