Биыл мемлекет меншігіне қанша гектар жер қайтарылды және олар қандай мақсатта пайдаланылады? Осы сұрақтар бойынша Massaget.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын.
Жер ресурстарын басқару комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері мемлекеттік меншікке бірнеше гектар жер қайтарылған.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланылмайтын және заңнама бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл пайдаланылмаған және заңнама бұза отырып берілген 2 882 мың га жер қайтарылды. Жыл соңына дейін жалпы 5 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарда бар", - делінген хабарламада.
Ведомстваның мәліметінше, мемлекетке қайтарылған жерлер жайылым үшін пайдалануға беріледі.
"Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер, бірінші кезекте халықты жайылыммен қамтамасыз ету үшін елді мекендерге бекітіліп, пайдаланылады. Қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері алдымен аудандардың резервіне қойылады. Содан кейін ғана конкурстарға шығарылуы тиіс", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа iPhone 15-тің орнына не алуға болатыны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйықтаған кезде арықтай ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!