- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл басынан бері...
Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылғанын Massaget.kz тілшісіне хабарлады. Көш басында Қарағанды облысы тұр.
Жыл басынан бері ІІМ мәліметтері бойынша 22 773 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.
"Жүргізуші куәлігінен айырылудың негізгі себептері - көлікті алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру болып табылады", - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша соңғы екі жыл ішінде (2023 жылы және 2024 жылғы 9 айда) жүргізуші куәлігінен айырылғандардың саны салыстырмалы түрде төмендегідей болып тұр:
Астана қ. 2156–2136
Алматы қ. 3157–2656
Шымкент қ. 1501–1674
Абай обл. 592–539
Ақмола обл. 1593–1239
Ақтөбе обл. 1987–1617
Алматы обл. 749–961
Атырау обл. 937–912
ШҚО 1454–1442
Жамбыл обл. 732–608
Жетісу обл. 370–473
БҚО 1522–1189
Қарағанды обл. 2273–1983
Қостанай обл. 1001–905
Қызылорда обл. 896–616
Маңғыстау обл. 770–919
Павлодар обл. 1012–928
СҚО 929–706
Түркістан обл. 1109–1055
Ұлытау обл. 202–215
Ал жүргізуші куәлігін қайтарып беру бойынша 2024 жылы 7900 мемлекеттік қызмет көрсетілген екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Н. Ынтымақұлы