- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл басынан бері...
Жыл басынан бері қанша бала терезеден құлап мерт болды?
Жыл басынан бері 101 бала терезеден құлап жараланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kzке сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, 5 айдан бері 386 адам биіктен құлап мертіккен. Оның - 101-і бала. Кішкентайлардың дені көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Бір өкініштісі, жаз шығып, күн жылына бұл көрсеткіш өсе түседі.
Былтыр 1500-ге жуық адам терезеге телміремін деп құлап кеткен. Оның - 507-сі бала. Салдарынан 26 бала қайтысс болған. Ал 2022 жылы 250 бала мертігіп, 21 бала мерт болған. Бұдан 3 жыл бұрын 260 бала мертігіп, 28 бала көз жұмды.
ҰШМҮО басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Асхат Сапаровтың айтуынша, терезеден құлап мерт болған балалар саны жылдан жылға өсіп келеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек