- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл басынан бері...
Жыл басынан бері қанша адам суға кетті?
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов жыл басынан бері елімізде 180-нен аса адам суға кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өкінішке қарай, түсіндіру жұмысына қарамастан қайғылы статистика бар. Шомылу маусымынан бері (1 маусымнан бастап) 164 адам қаза тапты. Оның 54-і бала. Өткен жылмен салыстырғанда қайғылы оқиға дерегі азайды. Жыл басынан бері 182 адам суға батса, өткен жылғы көрсеткіш – 204 адам", - деді Алексей Советов ТЖМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, суға батқандардың 90%-ы жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылған, 58%-ы ауылдық жерлерде суға батқан, 39%-ы мас күйде болған.
Сондай-ақ ересектер балаларын қараусыз қалдыруы өкінішті жағдайға әкелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен