Жыл басынан бері есірткі таратқан 43 жасөспірім ұсталған

Елімізде есірткіге тәуелділердің қарасы азаяр емес. Олардың басым бөлігі - 30-ға дейінгі жастар. Көбісі – қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болуы әбден мүмкін. Барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе, қаланың баласы есiрткiге құмар болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 

"Емделушілермен сөйлескен кезде, олар "бір рет көрдім, себебі білмедім" дейді. Яғни, барлығы тек бір рет көреміз деп ойлаған. Меніңше, бұл ақпараттың аздығынан болады. Жастар арасында көлемді ақпараттық терапия жүргізу керек деп есептеймін", - дейді нарколог дәрігер Алексей Крафт. 

Есімін атамауды сұраған кейіпкер де жегені алдында, жемегені артында болған. Есейгенде ес жиып, адам болудың орнына адасып қалды. Есірткіге елігемен деп қарызға белшеден батқан.

"Бірінші рет ол 2021 жылда той болған кезде дос балам көрсеткен. Сол кезде маған ұнаған. Одан кейін бір жыл көрмей, 22-23 жылдан бастап, күнделікті қолданатын болдым", - дейді ол. 

Кейіпкер туған-туыстармен қарым-қатынас нашар болып, тіпті қарызға белшесінен батқанын айтты. 

Есірткі саудасын жасөспірімдер қыздырып тұр. Олар қомақты табыс табасың дегенге иланып, тасымалдаумен айналысып жатыр. Тіпті кейбірі заңсыз әрекетпен айналысып жүргендерінде білмейді. Жыл басынан бері 43 жасөспірім ұсталған. 

"Жалпылама айтатын болсақ, жастар неге тартылады? Жаңа айтып кеткенімдей, эмоцоналдық тұрғыдан тұрақсыздығы, әлсіздігі, яғни көнгіштігі, сенгіштігі болуы мүмкін. Сонымен қатар, үлкен салдарды ойламауы, ертең жауапқа тартыламын деп. Заңды білмеуінен де болуы мүмкін. Бірақ заңды білмеу бұл жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Бұны біздің жастарымыз білуі керек", - ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек. 

Мәселенің ушыққаны соншалық, Президент пәрменімен республикалық штаб құрылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!