Қазақстанда жыл басынан бері 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері өткізілген рейдтер барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан аса дерегі анықталған. Көлікті масаң күйде басқарудың 5 мыңнан аса дерегінің жолы кесілген, ал қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 4 мыңнан аса дерек әшкере болған. 46 мыңнан аса көлік арнайы тұраққа қойылған.
Сонымен қатар, 372 жүргізуші дрифт жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
"Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді ІІМ өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!