Биыл 72 адам суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жыл сайын жүздеген адам суға батып қаза тауып жатыр. Олардың басым бөлігі жазда болады. Жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті", - деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр суға бату көрсеткіші төмендегенін жеткізді.
"Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылданған шаралары
өзінің нәтижесін көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды", - деді ол.
Оның айтуынша, суға батып кеткендердің 95 %-ы тыйым салынған орындарда шомылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!