- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл басынан бері...
Жыл басынан бері 302 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған
Фото:
pixabay.com
Биыл қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық салада 302 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр осы кезеңде дәл осындай 301 қылмыс тіркелген.
Аймақ бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық ең көп Павлодар облысында тіркелген - 31 жағдай, былтырмен салыстырғанда 3,3 пайызға көп.
Одан кейін Алматы облысында - 30 жағдай, Астанада - 27 жағдай. Бестікте Қостанай (26 жағдай) және Қарағанды облыстары (23 жағдай) бар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық ең аз Алматы қаласында, Абай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина