“Жыл, ай, апта емес, күн санап көбейіп барады“. Депутат қорқынышты статистиканы айтты

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев жол апаттарына қатысты қорқынышты статистиканы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда жол апаты жыл, ай, апта емес, күн санап көбейіп барады.

"Биыл қаңтар-тамызда елімізде 22 501 жол апаты тіркелді. 32 375 адам зардап шекті, 1446 адам көз жұмды. 2024 жылғы 8 айда 15 862  жол апаты болған еді, арада бір жыл өтті, жол апаты 7 мыңға көбейді", - деді ол.

Тасжолдағы трагедиядан 5 жылда 12 267 адам көз жұмған.

"Жіктесем, 8218-і - ер адам, 2975-і әйел, 1074-і - бала. Бұл деректі әлем елдерімен салыстырсақ, Қазақстандағы тасжолдар бейбіт күнде бейіттен хабар әкелетін қорқынышты құралға айналып кетпеді ме деп қауіптенесің. Мәселен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жол апатынан көз жұмғандардың саны бойынша Қазақстан 192 елдің ішінде 107-орында тұр дейді", - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!