Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар үшінші рекордты орнатты

Еліміздің спортшылары Будапеште (Венгрия) қысқа қашықтықта жүзуден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан рекордтарын жаңартып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 11 желтоқсанда біздің жүзушілер 4 х 50 метрге аралас жарыста ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ксения Игнатова жарысты 1.42.20 уақытпен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордтарын София Сподаренко (50 метр баттерфляй) мен 4х100 еркін стильде эстафетада ерлер құрамасы орнатқан еді.
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз