- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүзім сүйегін жеп...
Жүзім сүйегін жеп қойсаңыз не болады?
Кейде жүзімнің майда сүйектерін бірге жеп қоятын кездер болады. Кейбір адамдар жүзім сүйегін жеуге жарамсыз санап, түкіріп жатады. Ол қытырлақ әрі ащы дәмі бар. Дегенмен бұл оны міндетті түрде түкіру керек деген сөз емес. Себебі оның құрамында ағзаға пайдалы антиоксидант, флавоноид және мелатонин секілді бірқатар қосылыс бар. Бұл жүзім сүйегін жей беруге болады деген сөз бе?
Жүзім сүйегінің құрамы мен пайдасы
Жүзім сүйегінің құрылымы күрделі, оның құрамында 40 пайыз талшық, 16 пайыз май, 11 пайыз ақуыз және танин сияқты 7 пайыз күрделі фенол бар. Олар сондай-ақ С және Е дәрумендерінің, тері күйін жақсартып, қартаюды бәсеңдететін флавоноид антиоксидантының тамаша көзі.
Жүзім сүйегін жеуге бола ма?
Жүзім сүйегін жүйелі түрде жеу ас қорыту жұмысының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, қатты сүйек тіс пен қызық иекті зақымдайды, әсіресе балаларда. Сүйектің тұқымы ішек қатерлі ісігін тудыруы мүмкін деген аңыз бар, бірақ бұл ғылыми дәлелденбеген. Бұдан бөлек сүйек асқазан мен ішектің тітіркенуіне, іш қату мен іштің ауырсынуына әкелуі мүмкін.
Егер жүзім сүйегі сізге жақпаса, ішіңіз ауырып, жүрек айнып, құсу, іш қату және диарея мазалауы мүмкін.
Жүзім сүйегін тұтынудың сақтық шаралары:
- көп мөлшерде тұтынуға болмайды;
- балаларға бермеңіз;
- басқа өнімдерді алмастыру мақсатында пайдаланбаңыз.
Негізінен жүзімді сүйексіз тұтынған абзал.
Күн сайын жүзім сүйегінің сығындысын ішуге бола ма?
Сығындыны сүйекті кептіріп, ұнтақтау арқылы алуға болады. Сығындыда сүйектің жалпы полифенолдарының 60-70 пайызы болады. Бұл антиоксидант қан тамырларын зақымданудан қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ, сығынды гипертонияны немесе жоғары қан қысымын емдеуге көмектеседі.
Өнім тұтастай алғанда қауіпсіз. Жанама әсер беріп, бас ауруы, бас терісінің қышуы және жүрек айнуы мүмкін.
Ескерту! Аллергиясы бар адамдар бұл сығындыны қолданбауы керек!
Айта кетейік, бұған дейін бауырға пайдалы 8 өнімнің тізіміне жүзімнің кіретіні хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шыңғысхан құрған мемлекет қандай қағидаларға негізделді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә