- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүзігі - 23...
"Жүзігі - 23 миллион теңге". Танымал блогердің бір күндік образы қанша тұрады?
Жансая Махабаева танымал блогер Мадина Мамадалиеваның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Мадленнің мына образы қанша тұратынын анықтап көрейік.
Үстіне киген костюмы - 70 мың теңге тұрады.
Мұнда аксессуарларға аса назар аударған жөн.
Сөмкеден бастайық, Hermès брендінен Kelly моделі, қолтырауын терісінен жасалған, нарықтағы бағасы шамамен - 16 миллион теңге.
Ал енді әшекей-бұйымдары туралы айтайық.
Сырға - толығымен гауһар тастармен қапталған, Van Cleef & Arpels брендінің Alhambra топтамасынан, бағасы - 27 миллион 250 теңге.
Ал шеге пішінді мына білезіктер Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан, бағасы - 2 миллион теңге.
Келесі білезік Love топтамасынан, 4 бриллианты бар, бағасы - 6 миллион 400 мың теңге.
Мен Bulgari брендін өте қатты жақсы көремін, Serpenti Viper топтамасының білезігінің бағасы - 6 миллион теңге.
Жүзік те тура осы топтамадан, толығымен гауһар тастармен қапталған, жылын пішінді, екі қатарлы, 18 каратты ақ алтыннан жасалған, бағасы - 23 миллион теңге.Сонымен, барлығы - 80 миллион 720 теңгеге шықты", - дейді блогер.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Алақ көтерілісі қай жылы және қайда болды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә