- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүзі жылы, жақсы...
"Жүзі жылы, жақсы адамдар". Ұстаздарын құттықтаған танымал блогер Желідегілерді елжіретті
Биыл елімізде алғаш рет Ұстаздар күнін атап өту 5 қазанға бекітілді. Танымал блогер, фотограф білім алған мектебіне барып, мұғалімдерімен видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео 2 сағаттың ішінде 12 мыңнан аса қаралым, 1500-ден аса лайк пен 100-ден аса пікір жинаған.
"Мереке қарсаңында өзімнің ұстаздарыма кішігірім фотосессия ұйымдастырып, тосынсый жасадым. Оразхан апай 1-7-сынып аралығында сынып жетекшім болған. Ең алғаш әліппені жаттатып, қолға қалам ұстатқан жан. Гүлбақыт апай - 8-11-сынып аралығындағы сынып жетекшім. Мамандық таңдағанда осы кісінің кеңестеріне жүгінгенбіз. Нұрлан ағай алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. Бізді 5-сыныптан тауға алып шығатын еді. Табиғатқа, тауға деген махаббатымның қалыптасуына осы кісінің де әсері бар", - деп жазған ол.
Ұстаздардың бірі 45 жыл, енді бірі 46 жыл қызмет еткен. Алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген мұғалімі 31 жыл ұстаздық етіп келетінін айтқан.
Фотограф мұғалімдерінен "ұстаз болудың құпиясын" сұрайды.
"Балаларды, сосын өз мамандығыңды жақсы көру керек. Әрқайысы бір-бір тұлға, солардың бойындағы қасиетті аша білу керек. Оқушылар кейде ата-анасына айта алмағанды ұстазына келіп айтады. Сол кезде оларға дұрыс бағдар бере білу керек", - дейді ұстаздар видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары ұстаздарға тілек тілеп, пікір қалдырған.
"Қандай жүздері жылы ұстаздар", "Басқа мұғалімдер көріп, "неге менің шәкіртім Ернар болмады екен" деген ойда отырған шығар. Ұстаздар, мереке құтты болсын", "Қандай керемет! Жүздері жылы, сұлу, әдемі ұстаздар", "Жүздері жылы, жақсы адамдар екені көрініп тұр, мерекелеріңізбен құттықтаймын, ұстаздар қауымы", "Ернардай шәкірті бар ұстаздары бақытты екен! Ең құрметті адам - мұғалім болуға тиіс. Оларға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес" - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін лағман дайындап, құрт жасаған ауылдағы жеңге көпті тәнті еткені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге сабақ оқығысы келмейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек