- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүйкеңіз онсыз да...
Жүйкеңіз онсыз да тозып тұрған кезде стресті арттырып жіберетін 5 өнім
Жүйкеңіз тозып тұрған кезде оны тамақ немесе тәтті жеп басу әдеті бар. Алайда кейбір өнімдер стресті басудың орнына жағдайды қиындатып жібереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Ұйқының қанбауы, жұмыстағы немесе үйдегі проблема, төбе шашыңыз тік тұратын жаңалықтар стреске алып соғуы мүмкін. Стресс кезінде тек денсаулығыңыз емес, дене бітіміңізде де өзгерістер болуы мүмкін. Бұл әсіресе созылмалы стресс жағдайында жүретін адамдар үшін қауіпті. Әдетте стресс жағдайында оны түрлі тағам жеп басуға тырысамыз. Кейбір өнімдер стресті одан әрі өршітіп жіберетін болып шықты.
Қытырлақ круассан мен тәтті маффин стресс жағдайында денсаулығыңызға кері әсер етеді. Дәрігерлердің сөзінше, бұл тәттілерде қант, май және тазартылған көмірсулар көп, олар стресті күшейтеді. Сонымен қатар, круассандар мен мафииндер тағам инсулиннің бөлінуін тудырады. Мұндай тәттілерді одан әрі көбірек жегіңіз келеді.
Кофе - адамның жүйке жүйесіне кері әсер ететін сусынның бірі. Одан бөлек, стресс гормондарының деңгейін күрт арттырып, мазасыздық сезімін тудыруы мүмкін.
Алкоголь, өкінішке қарай, стрестен арылудың ең танымал бірақ тиімсіз әдісінің бірі. Одан бөлек, алкогольден ұйқы бұзылып, адамның жүйкесі жұқарып, артық салмақ жинай бастауы мүмкін.
Фаст-фуд. Гамбургер, пицца, фри картобы әрине, өте дәмді. Алайда мұндай тағам түрлерінде тұз, май мен калорий көп. Салдарынан артық салмақ қосып қана қоймай, стресс гормонын арттырады.
Печенье мен чипсы жеген адам біртіндеп салмақ жинап қана қоймай, мазасыздық пен психологиялық стрестің деңгейін арттыруға қабілетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина