- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жуынатын жеріне бомждар...
"Жуынатын жеріне бомждар кіріп кететін". Танымал актриса Дана Тұрарбек жатақханада тұрған кездерін еске алды
"Өнер қырандары" театрының мүшесі, актриса Дана Тұрарбек жатақханада тұрған кездерін еске алды. Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның сөзінше, бір жыл бұрын жаңа үйге көшкен.
"Бұған дейін үш бөлмелі пәтерде тұрдық. Оны да талай жыл еңбекпен алған үйіміз болған соң ыстық болды. Бірақ ұлдар өсіп келе жатыр, қыздар өсіп келе жатыр. Сол себепті кеңдеу үйге көшейікші бір жыл бұрын осы үйге көшкеніміз бар. Біраз қарыздандық. Құтылып, бітіп қалдық", - дейді актриса.
Актриса алғаш үйленген кездерінде жатақханада тұрғанын, оған отыз мың теңге төлегендерін айтты.
"Алғаш үйленген жылдары жатақханада тұрдық. Ол жатақханада тіпті жуынатын жеріне бомждар кіріп кететін, құлыпталмайтын, ортақ жуынатын жер. Соларды қуып шығып, ішін жуып, сосын жуынатын едік. Алғаш үйленген жылдары өнер академиясының жатақханасына жатқызбай қойды. Одан кейін теміржол жатақханасын тауып, отыз мың теңгеге жалдау ақысын төлеп тұрдық. Сол кезде бомждар кіріп кететін. Бірақ ол кезде де мұңайған жоқпыз, жаспыз ғой", - дейді өнер иесі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова