- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүйелі жемқорлық қаупі...
"Жүйелі жемқорлық қаупі анықталды": Антикор медицина саласына талдау жүргізді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет медицина және фармация салаларындағы жемқорлық қаупіне талдау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі үш жылда мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне жұмсаған шығыны 1,5 есеге ұлғайып, 5,8 триллион теңге болған (2021 жылы 1,6 триллион теңге, 2022 жылы 1,7 триллион теңге, 2023 жылы 2,5 триллион теңге).
"Сыртқы талдау нәтижелері бойынша дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар айналымының барлық кезеңінде, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу, оларды сатып алу көлемін жоспарлау процесінен бастап, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге және отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар (оффтейк-келісімшарттар) жасасуға дейінгі жемқорлық қаупі анықталды. Дәрілік заттардың қажеттілігін, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің құнын арттыру, түрлі ауруларға қарсы вакциналарды уақтылы сатып алмау, талап етілмеген жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ, негізсіз төлемдерді есептеу деректері анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова