Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабанда арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтаудың халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдікті ұстады. Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу арқылы бөгде заттардың барын анықталды.
Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Бұл заттардың жалпы салмағы 2 келіден асты.
Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз