- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Jusan Bank тобы...
Jusan Bank тобы қазақстандық құзыретке қайтарылды
Jusan Bank тобы қазақстандық құзыретке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2021 жылы жоспарланған іс-қимыл нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активін қамтитын Jusan тобы шетелдік құзыретке шығарылды. Осылайша, Қазақстан Үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралар нәтижесінде Jusan тобы қазақстандық құзыретке қайтарылды. Қажет құжаттарға қол қойылды.
Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейді.
Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды.
Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады.
Jusan Bank өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.
Банк өкілдерінің айтуынша, Jusan Bank бақылауы Қазақстан Республикасына толығымен қайтарылды. Шешімнің бір шарты - қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру. Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырып жатыр.
"Біз қазақстандықтардың қаржылай және қаржылай емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Былтырдың нәтижесі және банктің билығы жағдайы өзіне алған барлық міндеттемені орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл наурызда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Jusan тобын қайтару туралы резонанстық іс бойынша бірінші отырыс өтті. Ал кейін Бостандық аудандық соты Jusan Ventures өкілдерінің өтініштерін қабылдамады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова