Жұрттың тынышын алған: Жетісуда қылмыстық топ ұсталды (видео)

Жетісу облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұрлығымен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір прокуратурасы мәліметінше, олардың заңсыз әрекеттерінен келген шығын 20 млн теңгеден асады. Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәрізді қылмыс құралдары, сондай-ақ, сойылған мал сияқты заттай айғақтар тәркіленген.

"Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген. Олар ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.